Жаңалықтар
№ 2 хаттамадан үзінді 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның отырысы
- Толығырақ
- Жарияланды 28.12.2022 11:38
2022 жылғы 27 желтоқсанда 2023 жылға арналған мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестікке өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті. Комиссия "мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар құжаттарының тізбесін қарады.
Баянауыл ауданында 2 балабақша жұмыс істейді, онда 555 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. Жалпы, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың болуы үшін жағдайлар жасалған: ойын және жатын бөлмелері, жуынатын бөлме, қабылдау бөлмесі бар. Топтық балалар жиһазымен, ойыншықтармен, жұмсақ құралдармен жабдықталған. Оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру үшін мекемелер педагогикалық кадрлармен жасақталған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестікке конкурстық өтінімдерді қарау нәтижесінде конкурстық комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы№ 381 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қойылатын талаптар сәйкестігі.
| № | Ұйымның атауы | Орындар саны |
| 1 | Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Майқайың кенті сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 270 |
| 2 | Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Баянауыл ауылының сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 285 |
| Барлығы | 555 |
1.2023 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізілген ұйымдармен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасу туралы бұйрық шығару.
2.Павлодар облысы білім басқармасының "Баянауыл ауданының білім бөлімі" ММ Мемлекеттік сатып алу бөліміне 15 күн ішінде 2023 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізілген ұйымдармен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасуды тапсырсын.
2023 жылға арналған еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды қабылдау
- Толығырақ
- Жарияланды 21.12.2022 11:56
Баянауыл ауданының білім бөлімі 2023 жылға арналған еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Павлодар облысының білім басқармасы Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің "Майқайың кенті сәбилер бақшасы" КМҚК, және Павлодар облысы білім беру басқармасының Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің "Баянауыл ауылының сәбилер бақшасы" КМҚК мектепке дейінгі ұйымдарынан Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы 14 тармағына сәйкес құжаттар қабылдады:
1) білім бөлімінің кеңсесі арқылы кіріс нөмірімен тіркелген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпаратты;
3) медициналық қызметке лицензия немесе медициналық көмек (медициналық қызмет көрсету) көрсетуге арналған шарт;
4) педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмесі.
«Кітап-дәуір айнасы» атты мектеп кітапханашылардың форумы.
- Толығырақ
- Жарияланды 21.10.2022 12:30
2022 жылғы 20 қазан күні Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде кітапханашылар күніне орай «Кітап-дәуір айнасы» атты мектеп кітапханашылардың форумы өтті. Форумның мақсаты: тәжірибе алмаса отырып, іскерлікті жетілдіру және жүзеге асыру.
Аудан бойынша 28 мектеп кітапханашы форумға қатысты. Форумда мектеп кітапханашылары көрме ұйымдастырды. Көрмеде оқуға ұсынылған 250 кітапты, ауданымыздан шыққан ақын-жазушылардың кітаптарын насихаттады.
З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Жанар Бекмағанбетова, Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Арайлым Ақылбекова, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Гүлсін Қасымова өздерінің шебер сағаттарын жоғары деңгейде өткізді.
Мерекелік концертте кітапхана саласына қосқан үлесі үшін №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Сәуле Сүйіпбергенова, Ж.Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Дана Мұқатова, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының кітапханашысы Әлия Жүнісова, Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің кітапханашысы Динара Идрисова, Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің кітапханашысы Әлия Сүлейменова білім беру бөлімінің Құрмет мадақтамасымен, Шадыра жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Бақытжамал Сыздықова аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет мадақтамасымен марапатталды.
Кітапханашы- кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір. Оқырман мен руханият арасын жалғап, ұлттық құндылықты насихаттаушы мамандық иелерін мерекелерімен құттықтаймыз.
0қушыларымыз олжамен оралды
- Толығырақ
- Жарияланды 29.09.2022 08:57
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Павлодар қаласындағы Абай атындағы гимназия базасында 2022 жылғы 28 қыркүйекте Павлодар облысы ауылдық жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арналған ІІІ облыстық гуманитарлық олимпиадасы өткізілді.
ІІІ облыстық гуманитарлық олимпиаданың тақырыбы ретінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Ғабит Мүсіреповтің 120-жылдығы аясында «Ұлпан» романы мен онда бейнеленген тарих кезеңі таңдалды. Оқушыларымыз Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті пәндерінен білімін ортаға салды.
Олимпиадаға мемлекеттік және орыс тілде оқытылатын 9, 10, 11 сыныптардан ауданымыздан III облыстық гуманитарлық олимпиадаға Ш.Шөкин атындағы №2 ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Дарья Пашко, №2 Майқайың ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Әйгерім Жүсіпова, М.Әуезов атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Фатима Хайролла, Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ-ның 10-сынып оқушысы Аружан Сәбитова қатысты.
«Менің кіші Отаным» атты V Республикалық интеллектуалдық байқауы басталды.
- Толығырақ
- Жарияланды 20.09.2022 09:23
"Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022-2023 оқу жылының жоспарын сәйкес 2022 жылдың 19 қыркүйек күні жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты V Республикалық интеллектуалдық байқауы өткізілді.
Байқауға аудандық кезеңіне 45оқушы бәйгеге түсіп бақтарын сынады.
Байқауға қатысушылар Қазақстан тарихынан тест сұрақтарға жауап берді. Екінші тапсырмада оқушылар эссе жазды.
Жоғары ұпай жинаған оқушылар I,II,III дәрежелі дипломмен марапатталады.
I дәрежелі диплом алған оқушы аудан атынан облыстық кезеңге жолдама алады.
Педагог мамандардың тамыз кеңесі - жыл қорытындысы
- Толығырақ
- Жарияланды 26.08.2022 09:45
2022 жылғы 25 тамыз күні аудандық «Мәдениет» үйінде дәстүрлі Баянауыл ауданы педагог қызметкерлерінің «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында тамыз конференциясы өтті.Конференцияға ардагер ұстаздарымыз, мектеп мұғалімдері, аудан орынбасарлары, ауыл әкімдері, бөлім басшылары, қамқоршылық кеңестің басшылары, жас мамандар қатысты.
Жаңа оқу жылы қарсаңында өткен аудандық тамыз конференциясы тың идеялар
мен жаңалықтарға толы болды. Баршаңызға белгілі, әрбір оқу жылы алға қойған мақсаттарды айқындап, межелерді бекітеді. Педагог мамандардың тамыз кеңесі - жыл қорытындысы.
Пленарлық кеңес отырысында спикерлер: Баянауыл ауданының әкімі Серік Барлыбайұлы Батырғожинов, білім беру бөлімінің басшысы Мереке Талқайратұлы Әбдікәрімов, «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдастық бірлестігінің, Павлодар облыстық филиалының басшысы Жанарыс Хызыр, Шадыра жалпы орта білім беру мектебінің директоры Төлеген Қанатұлы Ахаев, Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру кітапханашысы Жанар Қуантайқызы Бекмағанбетова жаңа оқу жылының жаңалықтарымен ой бөлісті. Баянауыл ауданының әкімі Серік Барлыбайұлы Батырғожинов баяндамасынан кейін бірнеше ұсыныстар берді. Білім беру бөлімінің басшысы Мереке Талқайратұлы Абдыкаримов жаңа оқу жылының жаңалықтарымен таныстырды.
Қазіргі таңда еліміздің түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым көпшілігі -шағын жинақты мектептер. Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек.Олай болса, шағын жинақтық мектепердің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы жаңа әдістерімен Шадыра жалпы орта білім беру мектебінің директоры Төлеген Қанатұлы Ахаев бөлісті.
Елімізде оқушы жастардың кітап оқымайтыны туралы жиі айтылатыны жасырын емес. Жалпы, оқушылар кітап оқымай ма, әлде мектеп оқушылары қызығып оқитын көркем әдебиеттер жоқ па деген сұрақтың да ойға оралатыны анық. Жас жеткіншектерді «кітап оқымайды» деп бекерге кінәлай бергенше олар қызығып оқитын кітаптарды көптеп шығарып, алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңызы зор. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды. Ауданымыздің барлық 26 мектебі бұл жобаға қатысып жатыр. Осы жоба аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесіне Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру кітапханашысы Жанар Қуантайқызы Бекмағанбетова тоқталды.



