Жаңалықтар
«PISA,ОЖСБ-ға дайындық: қиын тапсырмаларды талдау» тақырыбындағы семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 03.03.2018 08:23
2018 жылғы 03 наурыз Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында «PISA, ОЖСБ-ға дайындық: қиын тапсырмаларды талдау» тақырыбында семинар өтті.Семинарды Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері мен №5 ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.С.Байбулова және А.К.Макеева, №40 ЖОББМ-нің математика пәнінің мұғалімі У.К.Алибекова, №25 ЖОББМ-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі И.А.Бейсекеева, №37 ЖОБББМ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Д.Сахимзадина, №19 ЖОББМ-нің физика пәнінің мұғалімі К.Н.Сунгатова мен информатика пәнінің мұғалімі М.М.Абдрахманова, №4 ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі А.С.Шарипова өткізді.
Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының алғашқы брифингі өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 19.02.2018 08:23
Аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында Павлодар облысы білім беру басқармасының жаңа басшысы Дінислам Болатханұлының алғашқы брифингі өтті.
Облыстың бас педагогы тілшілерге мекеме жұмысының жоспарлары, өңірде білім беру қызметінің сапасын жақсатру, ақпараттың айқындылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, аталған салада сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қандай шаралар қабылданатыны туралы айтты.
Білім беру басқармасы қызметінің басты бағыттарының бірі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын енгізу бойынша жұмысы болады. «Ұлттық білім беру дерекқоры» білім беру салалаларының басым бөлігінде енгізілетін болады.



