Жаңалықтар
РАБОТОТЕХНИКА – ЗАМАН ТАЛАБЫ
- Толығырақ
- Жарияланды 03.02.2023 10:12
Роботтар – қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтарды өміріміздің көптеген саласында пайдаланып жатыр, атап айтсақ, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өндіріс салалары.
Осы орайда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Robotek Crand Tjurgament- 2023» работотехникадан мектеп оқушылары арасындағы республикалық чемпионатының аудандық алғашқы кезеңі өтті.
Турнирдің мақсаты: работотехника, инженер және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды танымал ету. Қоғам мен мемлекеттің назарын техникалық білім беру мәселелеріне аудару.
«Robotek Crand Tjurgament- 2023» чемпионатының ашылу салтанатынан кейін физика-информатика пәнінің мұғалімі «Үздік педагог -2022» конкурсының жеңімпазы Аюпов Аскар Хамзаұлы мұғалімдер арасында ғылыми -техникалық идеялар , техникалық ақпарат және инженерлік білімдері бойынша тәжірибелерімен бөлісіп кең ауқымда семинар өткізді. Чемпионат 7 санаттан тұрды. Арнайы жабдықталған работтарды модельдеу және бағдарламалау жұмыстарын көрсетті.
Чемпионатқа ауданымыздың 8 мектебінен 26 мұғалім 50 оқушы келді.
Өз роботтарымен келген оқушылар сайыста қызу тартысқа түсті. Сайыс нәтижесі бойынша төмендегі мектеп оқушылары жеңіске жетті. Болашақта мұғалімдер мен оқушылар осы сайыста алған білімдерін шыңдап работотехникадан жоғары деңгейде нәтиже көрсетіп биіктерді бағындыратынына сенімдеміз.
"JARYQ FOUNDATION" жобасы
- Толығырақ
- Жарияланды 02.02.2023 09:47
Бүгінгі таңда өмір қазіргі білімге көптеген сұрақтар қояды, бірақ олардың көпшілігі әлі жауапсыз қалады немесе теориялық негіздеме алғаннан кейін олар іс жүзінде көрінбейді. Бұл жоба бүгінде мектеп пен қоғам алдында тұрған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыруға, проблемаларды шешуге тырысады.
Қазіргі қоғам жалпы білім беру мекемелері түлектерінің интеллект деңгейіне ерекше талаптар қояды. Егер оқушылардың пәндерге қызығушылығы болмаса, интеллектті қалай арттыруға болады?
Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту және дамытудың ең көне құралдарының бірі-ойын. Сондықтан мектеп бағдарламасының материалын игеру аясында қол жетімді, жеңіл және қызықты түрде жаңа білім алатын интеллектуалды ойын-жарыстың нұсқасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.
"JARYQ FOUNDATION" жобасы осылардың шешімі болып табылады. Жобаның авторлары Халимолла Дидар Қанатұлы; Бахитденов Бөгембай Маратұлы; Рахимжанов Ермек Ерқанатұлы - №2 Майқайың ЖОББМ мұғалімдері. Бұл жобаға 7 - 11 сынып оқушылары және педагогтар қатыса алады.
“JARYQ FOUNDATION”
- Толығырақ
- Жарияланды 01.02.2023 09:44
“JARYQ FOUNDATION” ұйымдастыруымен “JARYQ” интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті.
Ақтық ойында Ботаев Арлан бастаған , құрамында Берікбекқызы Рауза , Берікбекқызы Мадина , Аужанова Диляра , Серикова Айым сынды ойыншылар Гульназ Зкенованың тобына қарсы тұрды, Гульназ бастаған топта Толегенов Асанали , Жумабаева Анель, Цугурова Нелли , Куатов Арсен сынды озық ойлы оқушылар.
Ойынды қолдап , жобаны қолдау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Самал Қанатовна, аудандық білім бөлімінің басшысы Мереке Талқайратұлы қонақта болды.
Ойын қорытындысы бойынша Зкенова Гульназ бастаған топ “жеңімпаз” атанып , ойынның басты жүлдесі 100.000 теңгені иеленді. Ботаев Арлан тобы да құр қол қайтпады , аудан әкімдігінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қаныш Совет топқа 50.000 теңге қаржылай сыйлық жасады.
Аудандық дебат турнирі өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 24.01.2023 16:35
2023 жылдың қаңтар айының 24-ші жұлдызында Баянауыл ауданының мектеп оқушылары арасында «Өтірік өрге баспайды» ерікті мектеп клубтарының аудандық пікірсайыс слетіне 11 мектептен, барлығы 22 оқушы қатысты. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған пікірсайыс нәтижесінде 3-орынды М.Әуезов атындағы ЖОББМ-інің "Жас қазақ" тобы алса, 2-орынға З.Ақышев атындағы ЖОББМ-інің "Парасатты жастар" тобы иелік етті. 1-орынды М.Ж.Көпеев атындағы ЖОББМ-інің "Ақиқат ұшқыны" тобы жеңіп алды. Ал, облысқа жолдаманы Ә.Марғұлан атындағы ЖОББМ-інің "Болашақ" тобы ұтып алды. "Үздік спикер" атағы М.Әуезов атындағы ЖОББМ-інің "Жас қазақ" тобының лидері Вовка Құдайбергенге берілді. 2023 жылдың қаңтар айының 24-ші жұлдызында Баянауыл ауданының мектеп оқушылары арасында «Өтірік өрге баспайды» ерікті мектеп клубтарының аудандық пікірсайыс слетіне 11 мектептен, барлығы 22 оқушы қатысты. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған пікірсайыс нәтижесінде 3-орынды М.Әуезов атындағы ЖОББМ-інің "Жас қазақ" тобы алса, 2-орынға З.Ақышев атындағы ЖОББМ-інің "Парасатты жастар" тобы иелік етті. 1-орынды М.Ж.Көпеев атындағы ЖОББМ-інің "Ақиқат ұшқыны" тобы жеңіп алды. Ал, облысқа жолдаманы Ә.Марғұлан атындағы ЖОББМ-інің "Болашақ" тобы ұтып алды. "Үздік спикер" атағы М.Әуезов атындағы ЖОББМ-інің "Жас қазақ" тобының лидері Вовка Құдайбергенге берілді.
Кітап оқуға ынталандыру жолдары
- Толығырақ
- Жарияланды 18.01.2023 10:18
2023 жылдың 18 қаңтар күні Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Шағын жинақтық мектептерде пән мұғалімдері мен ата аналардың оқушыларды кітап оқуға ынталандыру жолдары» тақырыбында аудандық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинардың мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Семинар ІV кезеңнен тұрды.
Семинарға ауданымыздағы мектептерден сынып жетекшілері, мектеп кітапханашылары, шағын орталықтың тәрбиешілері, білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева мен әдіскерлері қатысты.
Ашылу салтанатында мектебіміздің басшысы Қайыржан Қырықбесұлы Қырықбесов келген қонақтырымызды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мектеп психологі Динара Нұрымова «Көтеріңкі көңіл-күй» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.
Математика пәнінің мұғалімі Арайлым Ахметова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ботагөз Қожанбаева сынып жетекшілер үшін 6-сынып оқушылары және ата - аналарымен «Кітап балалар шығармашылығының қайнар көзі» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты : ата-аналар мен оқушылардың әдеби кітап оқуға құштарлығын оятып және көркем әдебиеттерге деген қызығушылықтарын арттыру болатын.
Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс
- Толығырақ
- Жарияланды 06.01.2023 16:27

«Павлодар облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2023 жылғы 9-13 қаңтар (қоса алғанда) аралығында 2220 орынға арналған қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Құжаттарды әлеуетті қызмет көрсетуші олардың уәкілетті өкілдері (тиісінше ресімделген сенімхат болған жағдайда) Павлодар облысының білім басқармасына, Қайырбаев көшесі 32, 428 кабинетке жұмыс күндері 09-00-ден 18-30-ға дейін ұсынылады.
Барлық сұрақтар бойынша Баянауыл аудандық білім бөліміне телефон арқылы хабарласуға болады: 8(71840)91281



