Жаңалықтар
«Үздік сабақ әзірлемесі-2019» облыстық байқауының іріктеу кезеңінің жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 05.04.2019 06:48

Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Үздік сабақ әзірлемесі - 2019» атты І облыстық конкурсының іріктеу кезеңі өтті. Конкурсқа жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде және орыс тілінде оқытатын мектептерде Қазақстан тарихы пәнін қазақ тілінде оқытуды енгізуші мұғалімдер қатысты.
Барлық аудандар мен қалалардан 75 мұғалімнің жұмысы іріктелген болатын. Пәндерді ағылшын тілінде, қазақ тілінде оқыту әдістемесін меңгерген қазылар алқасының құрамындағы ПМПУ оқытушылары, әдіскерлер, мектептердің тәжірибелі ұстаздары мәреге шыққан қатысушыларды анықтады.
Республикалық фестиваль жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 05.04.2019 06:48

Атырау қаласында Республикалық фестиваль-конкурсы өткізілді. Баянауыл ауданы бойынша байқауға Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушылары барды.
Фестиваль қорытындысы бойынша Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушылары Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесінің желісі бойынша Байғали Есенәлиевтің «Қанды азу» қойылымын қойып, үшінші дәрежелі жүлдені жеңіп алды. Табиғат пен адам арасындағы байланыс пен қарама-қайшылықты қойылым барысында сипаттап берді. Сахналық қойылымды Мейіржан Баршынбаев, Абзал Олжатай, Қарлыға Құсайын, Біржан Оңалбай, Ермек Жұмабаев, Әділет Серікбай, Абылай Насреддин, Бернар Дәулетқали, Меруерт Нағымтаева, Сағыныш Сапарғалиева, Назерке Әбен, Болат Кашкеев, Ержан Жәкенов, Нұрерке Әбдікәрім, Алтын Ақылбек, Балжан Қамалиева жақсы деңгейде сомдап шықты. Оқушыларды қойылымға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дидар Құзайырқызы Шитова.
Республикалық фестиваль-конкурсына оқушылар алғаш рет қатысып отыр. Мұнайлы өлкемен танысып қана қоймай, басқа облыстардан келген оқушылармен өзара тәжірибе алмасты. Осындай жеңімпаздардың актерлік шеберліктерін дамытуға мектеп базасында өткізілетін «Сахна сазы» атты үйірме жұмысының ықпалы зор.
«Педагогикалық шеберлік-2019»облыстық байқауының жеңімпазы
- Толығырақ
- Жарияланды 04.04.2019 06:48

Павлодар облысының «Өрлеу» БАҰО-ның базасында «Педагогикалық шеберлік-2019»облыстық байқауы өтті. Барлық аудандар мен қала мектептерінен қатысқан додалы байқауға Баянауыл ауданы бойынша Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының тарих, география пәнінің мұғалімі Ержан Бақтыбайұлы Рахимтаев қатысты.
Осындай байқаулар білім беру саласында қызмет атқаратын ұстаздар қауымына өзара тәжірибе алмасуына және өз бойындағы қабілеті мен мүмкіндігін ашуына қажет.
Алты бағыт бойынша қызықты жобалар ұсынылды. Инновациялық жобаларды бағалау үшін тәжірибелі мамандар, басшылар мен бас мамандар, филиалдағы профессорлық-оқытушылар құрамы және Білім басқармасының бөліміндегі әдіскерлер төрелік жасады.
Байқау нәтижесі бойынша Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының тарих, география пәнінің мұғалімі Ержан Бақтыбайұлы Рахимтаев II дәрежелі дипломмен марапатталды. Биылғы жылы енгізілген «Өлкетану» пәнінен «Туған өлкем тұнған шежіре» атты үйірме жұмысының авторлық бағдарламасын қорғады. Электрондық форматта жеңімпаздардың материалдары жинаққа шығарылатын болды.
Аудандық педагогикалық идеялар фестивалі
- Толығырақ
- Жарияланды 03.04.2019 06:48

2019 жылғы 2 сәуір күні Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында тұңғыш рет «Асқар Әкелдіұлы Лекеров атындағы аудандық педагогикалық идеялар» фестивалі өтті. Педагогикалық идеялар фестивалінің мақсаты мұғалімдердің бойындағы табиғи талантты анықтау және мадақтау. Педагогикалық идеялар фестиваліне аудан бойынша бес бағыттағы секция жұмыстарына 135 мұғалім және Асқар Әкелдіұлымен қызметтес болған әріптестері мен жора-жолдастары қатысты.
Фестиваль шымылдығын Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Таңат Қуанұлы Ахатов «Ағаға»тақырыбындағы жыр арнауымен ашты. Білім бөлімнің басшысы Асылхан Манарбекұлы Мүбәрак пен құрметті қонағымыз Павлодар облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Петрович Қарамбаев, Тамара Николаевна Иванова және Дайрова Айтжамал Қабиденқызы құттықтау сөз кезегімен жалғастырды. Халықаралық, Республикалық байқаулардың жеңімпаздары «Баян сұлу» үлгілі би ұжымының орындауындағы «Балауса» биі мен Тілек Магуловтың орындауындағы «Ұстазым» атты әні көрермендердің көңілінен шықты.
Аудандар арасында ХVІІІ облыстық қысқы спартакиадасының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
- Толығырақ
- Жарияланды 29.03.2019 06:48

Үстел теннисі, шахмат, дойбы облыстық аудандар арасындағы жарыста Баянауыл ауданының құрама командасы топ жарды.
Атап айтатын болсақ, үстел теннисінен Б.Хайдаров атындағы ЖОББМ-нің оқушылары қатысып, Ұладар командасы Сапар Ерғанат, Кәрібай Қайырбай, Жәкеш Олжас.
Қыздар командасы Зейнулла Айзере, Кәрібай Айназ, Қуанышқызы Ақбота жалпы командалық есепте І орын иеленді. Жетекшісі: Д.Б.Жапенов.
Шахмат жарысында Баянауыл құрама командасы ІІІ орын иеленді. Шотбаев Даниял, Әбіл Жарқын, Әбдікен Санжар, Қабдолла Ділназ, Кенжебекова Жанель. Жетекшісі: Т.А.Сатжанов.
Дойбы жарысында Баянауыл командасы І орын иеленді. Төлепберген Адай, Еділ Данара, Жакенов Ержан. Жетекшісі: Т.Хурманбай.
«Мұражай-тарих айнасы» облыстық семинар –практикум
- Толығырақ
- Жарияланды 27.03.2019 06:48

2019 жылдың 26 наурызында Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты ұжымы «Мұражай- тарих айнасы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді. Семинардың мақсаты: мектеп мұражайының жұмысын көрсету, Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын қатысушыларға түсіндіру, талдау. Өлкеміздің тарихи – мәдени мұрасына тарту маңыздығын және өз Отанына деген мақтаныш пен құрмет сезімін ояту бойынша өткізіліп жатқан жұмыстарының маңыздылығы және өзектілігі жайында ой қалдыру.Семинарға Павлодар облыстық «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мұражай бөлімінің бастығы Әлия Рахметжанқызы Жүнісова, Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет басшысы Гулнази Зейноллақызы Нұртаева, білім бөлімінің әдіскері Айгүл Ырсымбекқызы Оразалина және аудан мектептерінен 24 мұғалім қатысты.