Жаңалықтар
«Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау»
- Толығырақ
- Жарияланды 29.04.2019 06:48

Баянауыл білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мекеме басшылары, кәсіподақ төраға, төрайымдары, техникалық еңбек инспекторлары 28-сәуір Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні қарсаңында «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жұмысшы, қызметкерлермен жұмыс берушілердің ақпараттық қамсыздануын арттыру, еңбекті қорғаудың мәселелері, жұмыс орындағы жазатайым оқиғаларды болдырмау.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Қайрош Ахметовпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қайрош Ахметов еңбек заңнамасына сәйкес пунктерді нақты заңдарға тоқталып, түсіндіріп өтті. Оған қоса, кездесуде еңбек орындарында қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері, еңбек тәртібін сақтау, жұмыс берушімен қызметкер арасындағы еңбек қатынасы, еңбек заңнамасын бұзу пунктері қарастырылды.
«Үздік сабақ әзірлемесі» і облыстық конкурсының жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 26.04.2019 06:48

2019 жылғы 26 сәуірде Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің базасында «Үздік сабақ әзірлемесі» І облыстық конкурсы өтті. Конкурсқа облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 75 мұғалім қатысты. Баянауыл ауданы бойынша іштей турға қатысуға ағылшын тілінде сабақ беретін жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдердің 2 жұмысы, орыс тілінде оқытатын мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін қазақ тілінде оқытатын 1 мұғалімнің жұмысы жіберілді.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушыларынан, мектептердің тәжірибелі ұстаздарынан, Инновациялық орталық әдіскерлерінен құрылған қазылар алқасы конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, номинанттарды анықтады. Конкурс нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, номинанттар анықталды.
Жасөспірімдер зияткерлік олимпиаданың жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 24.04.2019 06:48

Баянауыл ауданы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беру бес пән бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының іріктеу кезеңіне 121 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша 5 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Олар: №2 Баянауыл ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Аружан Қайыргелді мен 8-сынып оқушысы Алуа Қатаева, №1 Майқайың ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Әдемау Игенбаева, №2 Майқайың ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Әйнел Кушенова, С.Торайғыров атындағы ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Алина Стародумова.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беру бес пән бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі 2019 жылдың 24 сәуірінде дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде өткізілді. Математика, физика және биология пәндері бойынша олимпиадада 7-сынып оқушылары, химия және информатика пәндері бойынша олимпиадада 8-сынып оқушылар бақ сынады. Шараға жалпы 82 оқушы қатысты.
«Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі» атты облыстық семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 23.04.2019 06:48

2019 жылғы 23 сәуір күні Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының ұйымдастыруымен «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысына білім бөлімнің әдіскерлері, мектеп директорлары, Педагогикалық шеберлік орталығының менеджер тренері, жалпы саны 88 мұғалім қатысты.
Семинарда Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ-ның білім беру мазмұнын жаңартуды енгізу және желілік қауымдастық бойынша 4 жылғы жұмыс тәжірибесінің қорытындылары шығарылды. Мектеп директоры Салтанат Сейітжанқызы Досмағамбетова мен Педагогикалық шеберлік орталығының менеджер тренері Қайыржан Сағынтайұлы Әлмағамбетов шеберлік сыныптарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Бүлдіршін ХХ» аудандық іріктеу балалар шығармашылық фестивалі
- Толығырақ
- Жарияланды 23.04.2019 06:48

Баянауыл ауданы бойынша 2019 жылғы 23 сәуір күні Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мәдени сауықтыру орталығында мектепке дейінгі мекемелер арасында «Бүлдіршін ХХ» аудандық іріктеу балалар шығармашылық фестивалі өтті. Бұл фестивальға білім мекемелеріндегі мектепалды даярлық тобы, балабақшалар мен шағын орталықтардың тәрбиеленушілері қатысты. Вокал (хор, жеке дауыс, халық және эстрадалық әндер), хореография (халық, эстрадалық және спорттық би), балалар оркестрі, көркем сөз (проза, поэзия, сахналық қойылымдар) бойынша іріктеу кезеңдерін өткізді.
Аудандық фестивалге аймақтық байқауларда жүлделі орын алған тәрбиеленушілер қатысты. Жас ерекшеліктері 4 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды қамтиды. Аудан бойынша 82 өнерпаздардың шығармашылық бағдарламасы ұсынылды.
«Балдәурен-2019» аудандық фестиваль
- Толығырақ
- Жарияланды 19.04.2019 06:48

2019 жылғы 19 сәуір күні №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің акт залында аудандық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушылары арасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Атқа міну мәдениетіне» арналған «Балдәурен-2019» атты шығармашылық фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты: шығармашылық жұмысқа қабілетті дарынды оқушыларды анықтау. Аудан бойынша 26 жалпы орта білім беру мектептерінен 100 оқушы сайысқа қатысты. Фестиваль келесі бағыттар бойынша жұмыс жасады. Бірінші секция жұмысында шығарма жазу сайысы. Шығарма сайысы «Жылқы-малдың патшасы», «Ат-ер қанаты» тақырыптары бойынша өткізілді. Шығарма көлемі 1-1,5 бет болуы керек. Екінші секция жұмысында ғылыми зерттеу жүргізді. «Қазақ батырлары мінген арғымақтар» тақырыбында мәлімет жинауы қажет және дайындаған жұмыстарын қорғады.