Жаңалықтар
Компьютер берілді
- Толығырақ
- Жарияланды 30.09.2020 11:20

« Баянауыл ауданы бойынша 7 білім беру ұйымы қашықтан білім алуда. 2020 жылғы 30 қыркүйек күні Павлодар облысының Білім беру басқармасы қашықтықтан оқитын мектеп оқушыларына жаңа жиынтық компьютерлер жіберді. Баянауыл ауданының көп балалы және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына 126 компьютер таратылды. Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебіне-6, Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебіне-6, №2 жалпы орта білім беру мектебіне-10, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатына-26, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебіне-27, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебіне-23, №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебіне-28 дана компьютерлер мектеп балансында болады. Білім беру үдерісін сапалы жүзеге асыру үшін компьютерлер қажет. Осындай игі іс-шаралар әлі де жалғасын табады.
Қ Баянауыл ауданы бойынша «Жол картасы -2020» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыс барысы
- Толығырақ
- Жарияланды 22.09.2020 11:20

«Жол картасы» бағдарламасы арқылы білім мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстары төмендегі мектептерде атқарылды.
Шадыра орта мектебі бойынша:
Жоба құны - 24,3 млн. теңге бөлінді. Мердігер «Логотек KZ» ЖШС. Орындалған жұмыс: 98 терезеге ішкі жақтауларын істеу, 24 есік ішкі және сыртқа салыну керек, 2 қабатты тартудан кейін керамогранит төселді, терезелердің жақтаулары дайындалды, 1 қабатқа тұтастырғыш құйылды, керамогранит 2 қабаттың жартысына төселді. Жұмыс көлемі 100% ға жетті. Жұмыспен қамту орнынан 10 адам жоспарға сәйкес қабылданды.
Б. Хайдарова атындағы орта мектебі бойынша:
Жоба құны - 25,7 млн теңге. Мердігер «Логотек KZ» ЖШС. Жұмыспен қамту орталығы арқылы ауылдан 10 жұмыскер қабылдау жоспарланған, 5 жұмыскер қабылданды, 5 адам алынбады. Орындалған жұмыс бойынша 70 ішкі есік және 9 сыртқы темір есіктер салынды, Есіктің жақтаулары сыланып, эмульсиямен ақталды. Мектептің 136 терезелерін жаңа пластик терезеге ауыстырылды. 109 м2 еденге бетон құйылып және кафель жабыстырылды. Кіреберіске пластикалық витраж орнатылды. Орындалған жұмыстар актісін және қабылдау актісі күтілуде. Жұмыс көлемі 100% құрайды.
Оқулықтар таратылды
- Толығырақ
- Жарияланды 29.08.2020 08:35
2020 жылғы 25 тамыз күні баспалардан оқулықтар Баянауыл ауданына жеткізілді. Білім бөлімінің бекітілген кестесіне сәйкес оқулықтар аудан мектептеріне таратылды.
Ұстаздар және ата-аналар мен оқушылар назар аударыңыздар!
1. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің электрондық нұсқалары PDF форматында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналыстырылған және жүктеу үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/ сілтемесі қолжетімді.
2. Егер оқулықтардың тапшылығын немесе жетіспейтіндігін анықтасаңыз онда Баянауыл ауданының білім бөлімінің мына телефон нөмірлеріне 87184091950, 87713702926 хабарласа аласыздар.
Қайырымдылық - адамгершіліктің белгісі
- Толығырақ
- Жарияланды 04.08.2020 15:20

Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты ауданымыздың оқушылары мен ұстаздарының жаңа оқу жылында денсаулығын сақтау мақсатында білім беру мекемелеріне 21 дана жылжымалы бактерицидтік шамдар алу керек болды. Жолданған хаттан кейін, Баянауыл ауданының тумасы «Рахмет» шаруа қожалығының директоры Жасыбай Рахметұлы Нығманов ағалық, демеушілік жәрдем берді.
Баянаула ауданының әкімі Қанат Сәрсенұлы Кәрімов, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Мұхамадиярұлы Сеитов, мектеп ұстаздары, оқушылары және ата-аналары қауымы атынан Жасыбай Рахметұлына алғысымыз шексіз. Құрбан айт-ұлық мерекесі қарсаңында жасаған игі ісіңіз сауаптан және әрқашан еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем, денсаулығыңыз зор болсын. Ел игілігі үшін атқарып жатқан жұмысыңызға табыс тілейміз.
Нұрлан Мұхамадиярұлы Сеитов, Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы.
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» науқан «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!»
- Толығырақ
- Жарияланды 11.06.2020 15:20

Баянауыл ауданында 2020 жылдың 1 маусымында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» науқан «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұран астында басталды.Бүгінгі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Балаларға қауіпті жұмыстарды бөлек қарастыруға болмайды.Бала еңбегін қолданудағы басты себеп экономикалық тиімділікке қатысты емес. Ересектерге қарағанда, балаларды басқару оңай, олардың икемдігі мен дағдылары аз болса да, өз құқықтарын жете түсінбейді, әуре-сараңға салмайды және тез бейімделгіш келеді. Осыған байланысты мемлекетімізде жылда «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» науқаны жүргізіліп отырады. Осы науқан барысында ауданымыздың барлық бастауыш сыныптарда "Бақытты балалық шақ" тақырыбында қышықтықтан суреттер байқауы өтті, онлайн режимінде 5-9 сынып оқушылары үшін балалар еңбегін жою мәселелері бойынша және ата - аналар үшін - Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамалық актілерінің нормаларын түсіндіру, кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру кезінде еңбек заңнамасын сақтау бойынша түсіндіру жұмысы, түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Олимпиаданың маңыздылығы»тақырыбындағы туралы онлайн вебинар
- Толығырақ
- Жарияланды 05.05.2020 16:15

2020 жылғы 05 мамыр күні Екібастұз қаласындағы «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицейі» онлайн режимінде аудандымыздағы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған вебинар өткізді. Кеңес жұмысына ауданымыздың әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева мен әдіскер Мәншүк Тынысқызы Шумақова және 16 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Вебинарға қатысушылар қашықтықтан оқыту жағдайында олимпиадаға және ғылыми жобаға оқушыларды дайындау барысында кездесетін қиындықтары мен маңыздылығына тоқталды. Жаңа режим жағдайында биология пәнінің мұғалімі Нодирбек Анваров ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Кәсіптік өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жағдайында онлайн платформаларымен таныстырып, қашықтықтан жұмыс істеу форматы жағдайында олимпиадаға және ғылыми жобаға оқушыларды дайындау тәсілдеріне тоқталды.